Қарағанды облысындағы Октябрь ауданы енді Әлихан Бөкейханның атымен аталады
Биыл Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келгеніне 155 жыл толды.Бүгін Қарағанды облысы мәслихатының кезекті IX сессиясында Октябрь ауданы атауын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы шешім қабылданды.
Облыстық мәслихатта бюджет қаржысының игерілуі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған бағдарламаның орындалуы және өзге де маңызды мәселелер қаралды.
Мұнымен қатар, Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласының Октябрь ауданының атауын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы Қарағанды облысының әкімдігі қаулы қабылдады.
Оқи отырыңыз: Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Әлихан Бөкейхан есімін иеленді