"Nur Otan": 2025 жылға дейін кентаулық 3 600 отбасы тұрғын үймен қамтылады
ZOOM платформасы арқылы өткен жиында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.
"Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. Біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз," – деді үміткер Жанат Тоғайбекова.
"Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Шорнақ, Ескі Иқан, Қарнақ елді мекендерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, Қарнақ ауылындағы жабылып қалған аурухананы стационарлық-емхана ретінде қайта ашуға, жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуға ықпал етпек. Бұл шаралар 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 73,3 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деген жоспар бар.
Кездесуде Баймахан Сүлейменов өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы басымдықтарды айтып өтті.
"Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қолдайды. Қалада 5 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. 2025 жылы бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 22,8-ден 23,7 шаршы метрге дейін жеткіземіз. Бұл үшін "Nur Otan" партиясы 2021, 2022, 2023 жылдардың әрбірінде 1 200 пәтерлік 48 тұрғын үй құрылысын жүргізуге ықпал етеді. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдар аралығында жеке тұрғындар қаржысы есебінен қаланың оңтүстік-шығыс аймағында 355 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша 150 га учаскеде 1 500 жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге күш салады", – деді ол. Нәтижесінде 2025 жылға дейін қолжетімді тұрғын үймен 3 600 отбасы қамтамасыз етіледі.
Басқосуда тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.
"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады.