Ержан мен Меруерт бес баланы тәрбиелеп отыр, олардың тәрбиесіне әжесі көмектеседі. Үміткерлер үгіт-насихат жүргізіп, партияның алдағы 5 жылдағы мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды.

"Қазақстан дамуы жастар қолында. Сондықтан еліміздің бас партиясы әрдайым жастарға жағдай жасап, олардың оңтайлы білім алуына тиімді шарттар ұсынады", – деді сенімді өкілі.

Сонымен қатар әңгіме барысында көпбалалы ана қала сыртындағы жолдарды жөндеу мәселесін алға тартты. Кандидаттың айтуы бойынша, Семей қаласы маңындағы жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізу алдағы уақытта жүзеге асырылады. Атап айтсақ, Nur Otan партиясы алдына облыстық және аудандық маңызы бар 116 шақырымнан астам автомобиль жолдарын салу және жөндеу міндеттерін қойып отыр. 

Жеңімпаздар қатарында болыңыз! Nur Otan партиясына дауыс беріңіз!

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады