Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген Мемлекет Басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.

Көрме 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі "Н.Ә. Назарбаевтың жастық шағы" деп аталады. Онда Тұңғыш Президенттің балалық шағынан сыр шертетін "Жанұя", "Н.Ә.Назарбаев анасымен, әкесімен және жұмыс кезі" және тағы басқа көркем суретті басылымдары көрермен назарына ұсынылды. Ал көрменің екінші бөлімі "Н.Ә. Назарбаевтың саяси қызметі" деп аталып, бұл бөлімде Президенттің 60-жылдардың соңынан басталған саяси өмірін баяндайтын жәдігерлер паш етілді.


"Елбасы тағдыры – ел тағдыры" / фото astana.gov.kz сайтынан

Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрме жастарға жағымды әсер қалдырған. Олар көрмені аралап, Елбасы жазған кітаптарды бірден жаздырып, оқуға алған.

Сонымен қатар, №48 мектеп-лицей кітапханасында да жыл сайынғы үрдіс бойынша Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тұңғыш Президенттің отбасы, жастық шағы, ерен еңбектері туралы кітаптар мен журналдар сөреге қойылды.

Естеріңізге салсақ, 29 қараша күні № 86 мектеп-гимназиясында "Қазақ халқының көшбасшысы – Елбасы", ал № 37 мектеп-лицейінде "Елбасының елеулі еңбектерінен" атты кітап көрмелері өткізіледі.