Жылыжай шаруашылықтары энергия ресурстары мен тұқымға субсидия алады
Құжат 2023 жылдың 3 қазанынан бастап күшіне енеді.Субсидиялар алу кезінде фермерлік жылыжайларға қойылатын міндетті талап – өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының болуы. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, жылыжай шаруашылықтары жылынатын өнеркәсіптік жылыжай кешендері мен фермерлік жылыжайларда өсірілетін қорғалған топырақтағы көкөніс дақылдарының бір дақыл айналымына маусымаралық кезеңде электр энергиясына, көмірге және газға арналған шығыстарды субсидиялау арқылы мемлекеттен қолдау ала алады. Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітетін болады.
Субсидиялар алу кезінде фермерлік жылыжайларға қойылатын міндетті талап – өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының болуы.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы ретінде жылыжай шаруашылықтарына энергия ресурстарына арналған шығыстарды субсидиялау туралы шешімді Үкімет 2023 жылдың басында Түркістан облысының фермерлері қалың қардан зардап шеккен кезде қабылдаған болатын.
Оқи отырыңыз: Абай облысында оқушылар "ақылды жылыжай" жасап шығарды
Тұқымға субсидиялар 30%-ға ұлғайды
«Жаңартылған субсидиялау қағидаларында тұқымға арналған субсидиялар нормативтері орта есеппен 30%-ға ұлғайтылды. Бұл мемлекеттік қолдау шарасы нарықтағы тұқым материалының қымбаттауымен байланысты», – де жазылған хабарламада.