Жыл соңына дейін қазақстандықтар тағы 9 елге ұшақпен қатынай алады. Олар қай елдер?
Биыл Қазақстаннан халықаралық бағыттарға 18 жаңа авиамаршрут ашу жоспарланып отыр, деп баяндады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында. Бүгінгі күнге дейін оның 9-ы ашылған.
Жаңартылған бағыттар:
- Астана – Пекин (Air Astana);
- Алматы – Самарқан (FlyArystan);
- Астана – Баку (AZAL);
- Астана – Үрімші, Алматы – Сиань (China Southern Airlines).
Жаңадан ашылған бағыттар:
- Алматы – Шарм-эль-Шейх (Air Cairo);
- Астана – Шарм-эль-Шейх (Air Cairo-2, Red Sea-2);
- Астана – Сиань – Пекин (Air China);
- Шымкент – Дели (FlyArystan).
Жоспар бойынша, жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады. Ал 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейс ашу жоспары бар.
Оқи отырыңыз: Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей әуе рейсі ашылады
Атай кетейік, бүгінгі күні Қазақстаннан 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды.