Жыл басынан бері қызылша жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Қызылшамен ауырып қалғандардың көбі Шымкент, Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелді.2023 жылдың басынан бері Қазақстанда қызылшаның 11 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
"Науқастардың 80 пайыздан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар", – деді Айжан Есмағамбетова.
Ауырып қалғандардың көбі Шымкент, Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар арасында қызылша дерті өршіп тұр.