Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
Оған дейін бұл қызметті Ғани Бейсембаев атқарды.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты болды. PhD докторы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі.