Жол жөндеу жұмысы: Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысы 2 апта жабық болады
Жол жөндеу жұмысына байланысты 16-31 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы жол қозғалысы толығымен шектеледі.Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан М1 көпіріне оң жақ съездінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жазылды.
Жол жөндеу жұмысы Астана қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Осыған байланысты 16-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Оқи отырыңыз: Қандай жол-көлік оқиғасы кезінде полиция шақырмаса болады?