Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады. 

"Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді", – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барып, құжат тапсыруға тиіс.