Жаңбыр, қар, көктайғақ: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
4 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ күтіледі.
3 желтоқсанда солтүстік-батыс пен солтүстікте, 3-4 желтоқсанда шығыста, 4 желтоқсанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі.
Қазақстанның солтүстік жартысында қатты жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Республика бойынша тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-29 м/с жетеді. 3 желтоқсанда Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан да көп болды.
"4 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытып, солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде 7–21 градусқа дейінтөмендейді. Республиканың орталығы мен шығысында 5–15 градусқа дейін күн аяз болады. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0–5 градус аралығында болады", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Шымбұлақ шаңғы курортында қар жауды