Биылғы 20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған адам жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі. 

"Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды" делінген агенттіктің хабарламасында. 

Бұрын сотталған азамат тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Оқи отырыңыз: ҚМА рейдерлік әрекетпен айналысқан топты құрықтады