Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар балаға қол көтерді. Осы жағдай бойынша тәрбиешінің ісі қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот барысында тәрбиеші өзінің кінәсін мойындамады, алайда балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбалары оның кінәсін растап отыр. Іс материалдары сотқа ұсынылып, құқық бұзушылық жасағаны дәлелденді.

"Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. Сот үкімі күшіне енді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 35 млн теңге жымқырған мекеме басшысы сотталды