Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асыруы күдігі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тінту барысында олардан 1382 дана киік мүйізі алынды.

Орман шаруашылық және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мәліметі бойынша ұсталған адамдардан мемлекетке келтірілген залал 3,5 млрд. теңгеден артық бағалануда.

"Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Павлодар облысында браконьерлер 12 елікті атып өлтірді