Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Бүгін, 26 қарашада Астана уақытымен 07:15-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеулер институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінуін тіркеді.
Министрліктің мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісі Жетісу облысының Сарыөзек ауылында 2 балл шамасында сезілген.
Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.