Қолайсыз ауа райы салдарынан Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 15:00-ден бастап "Үшарал – Достық" автожолының 84–164 шақырым аралығында, яғни Көктұма ауылы мен Достық станциясы арасындағы учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Шектеу ауа райының күрт нашарлауына байланысты енгізілген.