Зерттеу: Қазақстандықтардың 48 пайызы саяхат туралы ақпаратты туыстары мен достарынан сұрайды
Респонденттердің басым бөлігі ақпаратты әлеуметтік желіден іздейді.Қазақстандықтардың басым бөлігі ел ішінде саяхаттау үшін ақпаратты әлеуметтік желіден алады. Сондай-ақ туыстары мен достарынан сұрайды. Бұл туралы FFG компаниясы жүргізген сауалнама барысында белгілі болды.
Сапарға дайындық кезінде респонденттердің көпшілігі әлеуметтік желілерге (53,8%) және туыстарының, достары мен таныстарының пікірлеріне (48,6%) назар аударады. Сұралғандардың 35,5% интернеттегі пікірлерге қарайды, ал туроператорлардың сайттарын 22,1% қарайды.
"25-34 жас аралығындағы респонденттерде әлеуметтік желілердің жоғары танымалдылығын атап өтуге болады (62,4%). 35 жастан асқан респонденттер туыстарының, достары мен таныстарының пікірлеріне көбірек назар аударуды жөн көреді (35-55 жас аралығында – 56,7%, 55 жастан жоғары – 70,8%)", – делінген зерттеуде.
Оқи отырыңыз: Кәдесый, көлік, мейрамхана. Қазақстан ішінде саяхаттайтындар неге көбірек ақша жұмсайды?
Жастар қалғандарына қарағанда жергілікті билік органдарының туристік порталдарын айтарлықтай жиі атап өткен (22,4%).