Астанадағы Тәуелсіздік алаңында әскери парад басталды. 

Салтанатты шараға 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады. 

Әскери парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқаруда. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев

Әскери шеру:

  • республикалық телеарналардан; 
  • еліміздің барлық қалаларында LED-экрандардан; 
  • Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Қазақстан Қарулы күштерінің күш-қуатын көрсететін салтанатты шеру елдің мерейін өсіріп, айбынын асырады.