"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 26 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ пен тұман күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қолайсыз ауа райы Маңғыстау, Ұлытау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында болжанып отыр.

Ірі қалаларда, соның ішінде Алматы, Астана маңы, Ақтау, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Талдықорған, Павлодар, Оралда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда аса сақ болуға, ал алыс жолға шыққанда ауа райы жағдайын ескеруге кеңес береді.