Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады
1 қазан демалыс күні болғандықтан, төлем мерзімі 2 қазанда аяқталады.Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті биыл 1 қазанда 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлады.
1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл – жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi.
Мүлік салығын төлеу барысында:
- ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып саналады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды;
- ортақ үлестік меншікте салық төлеушілер осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері болып саналады.
Оқи отырыңыз: Пәтер сатқанда қалай салық төлемеуге болады? 5 сұраққа жауап.
"Салық коммуналдық төлем арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы бір рет төленеді. Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінде және "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің Kaspi.kz және Halykbank мобильді қосымшаларында көруге болады", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.