Қазақстанда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды жедел тәртіппен беру бағасына өзгерту енгізілмек. Бұл туралы ішкі істер министрінің сәйкес бұйрығына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды.

Қызметтердің жаңа бағасы:

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:

  • 1-санатты жеделдік – 1 жұмыс күніне дейін: 3372,45 теңге (қазіргі баға – 4983 теңге);
  • 2-санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін: 1770,88 (қазіргі баға – 2752 теңге).

Облыс орталықтары үшін:

  • 1-санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін: 3372,45 (қазіргі баға – 4983 теңге);
  • 2-санатты жеделдік – 5 жұмыс күніне дейін: 1770,88 (қазіргі баға – 2752 теңге).

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

  • 3-санат – 7 жұмыс күніне дейін: 677,95 (қазіргі баға – 1116 теңге).

Оқи отырыңыз: Паспортты 1 күнде алуға болады. Ол үшін не істеу керек және қызмет ақысы қанша?


"Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын "Ақпараттық-өндірістік орталығы" қызметтерінің бағасын төмендету мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі", – делінген ІІМ түсіндірме жазбасында.