Жеке куәлігін жиі жоғалтатындар мемлекеттік баж салығын көбірек төлейді
Балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендейді.Сенат бірінші оқылымда Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қарастырды. Олардың тең жартысы төлқұжат алғанда төленетін мемлекеттік баж мөлшерінің өзгеруімен байланысты.
Заң жобасының міндеттері:
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бөлігінде:
- борышкер – жеке тұлға сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж мөлшерлемесін 0,3 АЕК мөлшерінде белгілеу;
- жеке тұлғалардың банкроттығы кезінде туындаған есептен шығарылған берешек сомасын жеке тұлғаның табысы деп танымау;
- борышкердің банкроттығы туралы шешім қабылданған салық кезеңінде қосылған құн салығы бойынша айналымды түзету құқығын беру;
- борышкер – жеке тұлға банкрот деп танылған жағдайда да талап етуді күмәнді деп тану мүмкіндігін көздеу;
- жеке тұлғаның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұл есептеуді тоқтата тұру және соттың шешімі теріс болған кезде оны қайта бастау.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы қорының қызметтерін цифрлық куәлік арқылы алуға болады
2. Өсімдіктер дүниесі бөлігінде:
- өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету және реттеудің экономикалық тетігін іске асыру.
3. Халықтың көші-қоны бөлігінде:
- кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету;
- паспортты бергені үшін оның парақтарының санына қарай мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемелерін енгізу;
- жоғалған құжатты алғашқы жоғалтқан сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде 2 және одан да көп рет қалпына келтіру үшін жүгінген кезде жеке куәлік бергені үшін мемлекеттік баж мөлшерін ұлғайту.
Оқи отырыңыз: Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы 224 мың теңгеге жетуі мүмкін. Оны қалай алуға болады?