Жазғы лагерге жекелеген санаттағы балалар тегін бара алады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жолдама атаулы әлеуметтік көмек алатын және аз қамтылған отбасылардың ұл-қыздарына беріледі.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және төтенше жағдайлардан соң шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары да тегін демалыспен қамтылатын жеткізді.

Лагерге жолдама алуға өтінішті электрон түрде egov.kz порталы немесе тұрғылықты жері бойынша білім басқарма, бөлімдері арқылы беруге болады.

Құжаттар тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады. Балалар сауықтыру орталықтарында 10-15 күнге дейін демала алады.