Жазда оқушыларға арналған тегін діни сауат ашу курстары өтеді
Оған 10-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жазда балаларға арналған дәстүрлі "Имани жаз" діни сауат ашу курсы өтетінін хабарлады.
Курс барысында оқушылар "Имандылық әліппесі" және "Азбука веры" кітапшалары негізінде білім алады. Дәріс барысында Алланың көркем есімдері, мақал-мәтелдер, ғибратты әңгімелер, сондай-ақ әдеп пен көркем мінез негіздері үйретіледі. Оқу тегін.
- Оқу мерзімі: 1 маусымнан басталады.
- Сабақ уақыты: аптасына 5 күн, сағат 10:00 мен 14:00 аралығы.
- Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
- Кімдер қатыса алады: 10-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары.
- Оқу қайда болады: Қазақстанның барлық мешіттерінде.
Құжаттарды қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады.