Қазақстандық жоғары оқу орындарының әкімшіліктері студенттерді азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, қазіргі уақытта студенттер қысқы демалыста, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым баспасөз қызметі. 

"Жалпы бүкіл ел бойынша ЖОО жатақханаларында қалған студенттер саны аз. Атап айтқанда, студенттердің жалпы санының 4%-ы немесе 6 мыңға жуығы қалды. Негізінен, олар – шетелдіктер және шалғай аймақтардан келген студенттер. Осы күндері ЖОО-лар басшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, жатақханада қалған студенттерге төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тауарлар және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізілді", – делінген хабарламада. 

Мұнымен қатар, ЖОО-лар басшылығының бірнеше күнге азық-түлік қорын әзірлегені айтылды. Студенттер үшін "жедел желі" телефондары жұмыс істейді:

+7 7172 74-16-24;
+7 717274-20-67;
+7 7172 74-23-52.

Еске салсақ, қазақстандықтардың такси мен отын бағасына шағымдана алатын "жедел желінің" іске қосылғаны туралы хабарлаған едік. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.