ҚМДБ интернеттегі радикалды және экстремистік контентпен күреседі. Жат ағым өкілдері интернет арқылы өз идеясын таратуды жиі пайдаланады. Сондықтан Діни басқарма оларды танып-біліп, бақылау үшін арнайы жүйелерді дамытып келеді, деді ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің маманы Сағым Матқали. 

"Интернет діни ақпараттың таралуында және қоғамның діни сауатын арттыруда маңызды рөл атқарады. Ол діни білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, қоғамдағы діни төзімділікті арттыруға ықпал етеді. Дегенмен интернетте діни ақпаратты тұтыну барысында сыншылдық пен жауапкершілік таныту қажет. Ақпараттың сенімділігін тексеру, әртүрлі пікірлерді қарастыру және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға ұмтылу – қазіргі заманғы интернеттегі діни ағартушылықтың басты міндеті саналады", – деді ҚМДБ өкілі. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға 112 арқылы енді діни экстремизм қаупі туралы SMS хабарлама жолданады


Оның айтуынша, ҚМДБ интернеттегі радикалды және экстремистік контентпен күресіп келеді. Жат ағым өкілдері интернет арқылы өз идеясын таратуды жиі пайдаланады. 

"Сондықтан Діни басқарма оларды танып-біліп, бақылау үшін арнайы жүйелерді дамытып келеді. Бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және діни тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Осы орайда еліміздің әр азаматы интернеттегі ақпараттардың сенімділігіне назар аударып, діни ақпаратты сауатты пайдаланып және экстремистік идеологиялардан сақтануы тиіс", – деді Сағым Матқали.