Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект министрлігін басқарады
Бұл – президент тапсырмасымен жаңадан құрылымдалған ведомство.
Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске салайық, 18 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.