Жас қаламгерлерге арналған президенттік әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
Жеңімпаздардың әрбірі 4 миллион теңге сыйақы алады.Қазақстанда тұңғыш рет дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету, ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталады, деп мәлімдеді мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді.
Президенттік сыйлыққа өтінімдер 1 маусымнан 30 маусымға дейін, қағаз және электронды нұсқада қабылданады. Басты шарт – материалдар осыған дейін халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған, тың туынды болуы керек. Сондай-ақ, әдеби сыйлыққа тек 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер үміткер бола алады.
Президенттік әдеби сыйлық негізгі 4 номинация бойынша үздіктерді анықтайды. Үміткерлер "Проза", "Поэзия", "Драматургия" және "Балалар әдебиеті" бойынша өз еңбектерін ұсына алады.
Әр номинацияда жеңімпазға 4 млн теңге сыйақы және "Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты" атағы, диплом және төсбелгі беріледі.
Оқи отырыңыз: 18-29 жастағы қаламгерлерге арналған президенттік әдеби сыйлық тағайындалады