Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін қарулы күштердің 11 сарбазы Беларуське жіберілді, деп мәлімдеді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. 

Мұнымен қатар министр "Қазақстанның Беларуське техникалар жібергені" туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

"Әлеуметтік желіде тараған Қазақстан Беларусь еліне броньды техника жібергені туралы ақпарат жалған. Нақты 11 адамнан құралған топ жіберілді. Бұл органның жұмысы", – деді ол. 


Оқи отырыңыз: 55 түрлі тегін көмек: Алматыда полицияның қызмет көрсету орталықтары ашылады


Мұнымен қатар ол жіберілген сарбаздардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты. 

"Беларусь – бейбіт ел әрі ол ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланды. Қандай да бір қауіп жоқ, – деді Руслан Жақсылықов.