Sports.kz хабарлауынша, WBO Дүниежүзілік бокс ұйымы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дэнни Дигнумның жекпе-жегіне рұқсат етті.

Енді боксшылардың командалары орта салмақ санатындағы әлем чемпионының уақытша титулы үшін жекпе-жек туралы келісімге келуі шарт. Бұл үшін оларға 10 күн мерзім берілген.


Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"


Тараптар келісімге келмеген жағдайда промоутерлік сауда тағайындалады. Оның ең төменгі мөлшерлемесі – 200 мың АҚШ доллары.

Ата кетейік, бұған дейін Андраде, Фалкао сияқты мексикалық Мангуия да Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығудан бас тартқан еді.

Дэнни Дигнум – WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Еуропа чемпионы, ұйым рейтингінде бесінші орында. Ал Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақтағы WBO рейтингінде екінші орынға ие.