Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
Қазақстандық боксшы WBO чемпиондық титулын екінші рет қорғайды.Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен канадалық Стивен Батлер 13 мамырда АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Стоктон Аренада жұдырықтасады, деп хабарлады Janibek Alimkhanuly team менеджері Берік Сұлтан.
Стивен Батлердің жасы 27-де. Рекорды: 32 жеңіс, 3 жеңіліс. WBO рейтингінде 6 орындағы қарсылас.
Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"
Sports.kz жазуынша, қарсыластар жекпе-жек туралы ресми хабарлама жасалғаннан кейін өз мәлімдемесін жасады.
"Орта салмақтағы боксшылардың бәрі менен қорқып қашып кеткеннен кейін мен Стивенге жекпе-жекке келіскені үшін алғыс айтамын. Мен дивизиондағы титулдардың бәрін біріктіргім келеді, бірақ Стивеннің арқасынан қарай алмаймын. Ол – өте мықты қарсылас. Стоктонда фанаттарға керемет шоу сыйлауға асықпын", – деді Жәнібек Әлімханұлы.
Стивен Батлер де өз кезегінде жеңімпаз белбеуін Жәнібектен тартып алатынына үміт білдірді.