"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27  қыркүйек, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Солтүстік-батыс антициклон сілемі ҚР көп бөлігінде салқын, негізінен жауын-шашынсыз ауа-райын шарттайды. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын – шашын жауып, кей кездерде қатты жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаіпі сақталады, Маңғыстау облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.