"Қазгидромет" РМК синоптиктері жұма күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн ашық болады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында негізінен жауын-шашынсыз, бірақ кей жерлерде туман күтіледі. Түнде ауа температурасы 7-15° жылы, күндіз 22-29° шамасында болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз ауа температурасы 30-39° дейін көтеріліп, ең ыстық ауа райы Түркістан мен Қызылорда облыстарында күтіледі. Түнде 12-22° жылы.

Батыс аймақтарда ауа райы құбылмалы. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындажаңбыр мен найзағай күтіледі, кей жерлерде жел күшейеді. Түнде 12-21° жылы болса, күндіз 20-28° шамасында болады.