"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, найзағай ойнап, бұршақ, дауылмен жаңбыр жауады, солтүстік – батыста, шығыста, елдің орталығында қатты жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, республиканың батысында, оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтіледі. Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысыныңбатысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.