"Қазгидромет" Қазақстан аймақтарында 15 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан Республикасының көп бөлігінде қар жауады.

"Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.