Жаңбыр, боран, аяз: 12 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады
Елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал."Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Оған сәйкес, атмосфералық ағындардың өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.
"Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады", – делінген хабарламада.