Жаңа жылдық электр пойызы Астанадан Бұрабай курортына аттанды
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында пойыздарды жаңа жылдық стильде безендірді.Бүгін Астанадан Бұрабай курортына № 7507/7508 безендірілген жаңа жылдық электр пойызы бірінші рейске аттанды.
Жаңа жылдық безендірілген пойыз ересектер мен балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Пойыз шырша ойыншықтарының суреттерімен, гирляндалармен және қар ұшқындарымен безендірілген.Мерекелік пойыз оқушылардың жаңа жылдық демалыстары аяқталған уақытқа дейін жүреді.
Биылғы жылы тағы төрт бағыт бойынша жаңа жылдық пойыздар қатынайды. Олардың ішінде:
- №4/3 "Астана-Нұрлы жол-Алматы";
- №77/78 "Алматы-Маңғыстау";
- №45/46 "Павлодар-Түркістан";
- №38/37 "Маңғыстау-Семей".
Вагондардың жолсеріктері Жаңа жылдың басты ертегі кейіпкерлері-Аяз Ата мен Ақшақар бейнесінде осы пойыздардың жолаушыларын келе жатқан мерекемен құттықтап, балаларға сыйлықтар табыстайды. Сондай-ақ, кішкентай жолаушылар өздерінің тілектерін және хаттарын Аяз Атаға вагондарға орнатылған пошта жәшігі арқылы жібере алады.