Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда күн жылынады
30–31 желтоқсанда елімізде қар аралас жаңбыр жауады.
"Қазгидромет" 2025 жылғы 30 желтоқсан мен 2026 жылғы 1 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, суық циклоннан кейін елімізге оңтүстіктен жылы ауа массалары енеді.
30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр күтіледі.
30 желтоқсанда солтүстік пен орталық аймақтарда, ал 30–31 желтоқсанда шығыста ауа температурасы -2 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте бұл күндері +5-тен +15 градусқа дейін жылы болады.