2025 жылғы Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында қатарынан 4 күн демалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл туралы тиісті бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Құжатқа сәйкес, 5 қаңтар, жексенбінің демалысы 3 қаңтар, жұмаға ауыстырылады. Сәйкесінше, 5 күндік жұмыс аптасы режимі бойынша еңбек ететіндер 1-4 қаңтар аралығында демалады. Одан кейін екі күн жұмыс істеп, Рождество мерекесіне орай, 7 қаңтарда тағы бір күн демалады. 

"Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Қырғыз үкіметі 2025 жылғы 1-7 қаңтарда ұзақ демалыс жарияламақ. Қазақстанда жағдай қалай