Жаңа туған сәбилерге енді есім қоюдан бұрын ЖСН бірінші беріледі
Бұл жаңашылдық алаяқтық, бала сату секілді деректердің алдын алуға мүмкіндік бергелі отыр.Қазір сәбиді саудалайтын, не шақалақты түрлі маркетплейстер арқылы сатуға тырысатындар көп. Депутаттар жаңа туған нәрестеге жеке сәйкестендіру нөмірі бекітілсе, осы сияқты қылмыстар азаятынын айтты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Дербес деректер жоғалмас үшін сәбиге алғашқы 20 минут ішінде сәйкестендіру нөмірі беріледі.
"Сәбидің цифрлық құжаты дүниеге келгеніне дейін дайын болып қояды. Біз оны ертерек тіркейміз, сондықтан нәресте туралы ақпарат барлық цифрлық жүйеде пайда болады. Егер сәби жоғалса, тергеу әрекеттері міндетті түрде жүргізіледі", – деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәресте саны 9,5% азайды