Жаңа оқулықтар: Қазақстанның 31 мектебінде тестілеу басталды
Апробацияға педагогтар мен оқушылар қатысып жатыр.2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар сынақтан өтіп жатыр.
Мұндағы мақсат — жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сонымен қатар мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.
"Апробация 4-сыныпқа арналған мына оқулықтарды қамтиды: Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу, Орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз) және Цифрлық сауаттылық (электрондық оқулық). Апробацияға педагогтар мен оқушылар қатысып жатыр, бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Мектепте сабақ 7.30-да, ЖОО-нда сағат 10-нан кейін басталады. Студенттер Бішкек билігінің шешіміне қарсы шықты
Еске салайық, орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы.
Сарапшы болуға өтініш бергісі келетін мұғалімдер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.