Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі заттарын шекара арқылы алып өту әрекеті әшкереленді. Оқиға 14 желтоқсанда "Айша бибі" өткізу пунктінде тіркелді. 

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлікті арнайы техникалық құралдармен тексеру барысында оның жасырын бөліктерінен күдікті зат салынған 36 қап табылған. Қаптардың бір бөлігінде "999" деген таңба болған.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 келіден асатыны және олардың есірткі заттары екені расталды. Атап айтқанда, 0,999 келі героин, 3,620 келі апиын және 25,949 келі гашиш анықталған.


Оқи отырыңыз: "Қағаз, қаламды өзіміз сатып аламыз". Семейде көлік колледжінің мұғалімдері бірнеше айдан бері жалақы ала алмай жүр


Аталған факті бойынша шетелдік азамат ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазіргі таңда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, істің өзге мән-жайлары жария етілмейді.