Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда

Юрий Ильин / Фото: informburo.kz

"Мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды", – деп жазылған жарлықта.

Юрий Ильин 2020 жылғы 11 қыркүйектен бері төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарып келе жатқан.

Ол 1968 жылы РКФСР Куйбышев қаласында дүниеге келген. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасында әртүрлі қызмет атқарған. Алматы қаласы әкімінің орынбасары, президент әкімшілігінде мемлекеттік мемлекеттік инспектор болған. 2016 жылғы сәуірде Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.