ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
Сондай-ақ, "Бурабай" және "Марқакөл" қорықтары биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне енді.Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азулені қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
ЮНЕСКО-ның бас директоры президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға, соның ішінде азаматтық қоғамды нығайтуға, білім және мәдениет саласын дамытуға қатысты бастамаларына жоғары баға берді.
"Одрэ Азуле Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Бурабай" және "Марқакөл" қорықтары биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне, сондай-ақ "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгенін растайтын сертификаттарды табыстады" – делінген хабарламада.