Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен 151 адам зардап шекті
Сәрсенбі, 23 сәуірде Ыстанбұлда бірнеше жер сілкінісі болды. Олардың ең күштісі магнитудасы 6,2-ге жетті, деп хабарлайды DW.
Түркия ішкі істер министрі Али Йерликаяның мәліметінше, күндізгі жер асты дүмпулері салдарынан 151 адам зардап шеккен, қаза болғандар жоқ.
Жер сілкінісінің ошағы Мәрмәр теңізінде, шамамен 7 шақырым тереңдікте, түрік мегаполисінен шамамен 60 шақырым жерде орналасқан. Бұл кейінгі 25 жылдағы аймақтағы ең күшті жер сілкінісі болды.
Оқи отырыңыз: "Құдайға жалбарынып отырып қалдым". Жамбыл облысы тұрғындары жер сілкінісін қалай өткерді? Фоторепортаж
"Бірнеше сағат ішінде 127 афтершок тіркелген, олардың ең күштісі магнитудасы 5,9 болды", – деді Түркияның ішкі істер министрі.
Әлі алда күшті жер сілкінісі болады деген болжам бар. Елдегі геофизикалық зерттеу орталығы жақын арада аймақта күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағып отыр.