Түркиялық Turkish Airlines (THY) әуе компаниясы транзиттік жолаушыларға танымал түрік сериалдары түсірілген алаңдарға тегін экскурсия жасауға мүмкіндік ұсынып отыр. Бұл экскурсия TourIstanbul бағдарламасына кіреді және Ыстанбұл әуежайында транзиттік аялдау уақыты 6-24 сағат аралығындағы шетелдік жолаушыларға арналған, деп жазды Anadolu ақпарат агенттігі

Экскурсия аясында жолаушылар табиғаты көрскем Рива (Бейкоз) ауданындағы Bozdağ Film фильм түсіру кешенін аралайды. Дәл осы алаңда "Жаужүрек Ертұғырыл", "Осман" және "Аңыз" телехикаялары түсірілген. 

"Ашық аспан астындағы киноқалашық – Еуропадағы ең ірі және әлем бойынша ауқымы жөнінен үшінші орындағы алаң, оның ауданы 200 гектарды құрайды. Тур аясында жолаушылар Түркия тарихымен танысып, жергілікті тамақ түрлерінен дәм тата алады, шеберлік сағаттарына қатысады", – деп жазылған агенттіктің хабарламасында. 

Turkish Airlines туристік бағдарламаларының маркетинг жөніндегі директоры Абдуллах Йормаздың айтуынша, бұл экскурсияға Қазақстаннан бөлек, Мексика, Үндістан, Пәкістан, Индонезия және араб елдерінен келетін жолаушылар арасында қызығушылық жоғары.