Yandex Qazaqstan Қарағандыда өзінің навигациялық сервистерінде бағдаршам белгілерін нақты уақыт режимінде көрсетеді. Енді жүргізушілер бағдаршамның түсін көру қиын болған жағдайда да біліп, өз жолын алдын ала жоспарлай алады. Бұл жол айрықтарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі. 

Жаңа шешім болашақта жүргізушілерге "жасыл толқыннан" кедергісіз өту үшін оңтайлы қозғалыс жылдамдығын көрсетуге, кептелістерді дәлірек болжауға мүмкіндік береді. Жобаны компания Қарағанды облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен бірге іске асырды.

Жаңа жоба Қарағандыда іске қосылды. Мысалы, Гоголь көшесі мен Абай көшесі қиылысындағы бағдаршам белгілері туралы ақпарат қазірдің өзінде "Карты" мен "Навигатор" сервистерінде көрсетіп тұр. 

Жаңа мүмкіндіктің арқасында жүргізушілер бағдаршам белгісін смартфон экранынан көре алады. Бағдаршам түстерінің ауысу таймері жүргізушіге неше секундтан кейін қозғалысты жалғастыруға болатынын көрсетеді. Бұл жедел қозғалысты немесе стоп-жолақта кідірістерді азайтып, соның нәтижесінде жол айрықтарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Жолдар туралы көбірек ақпарат, әсіресе, тәжірибесі аз жүргізушілер үшін қала ішінде жүруді айтарлықтай жеңілдетеді. 

Бағдаршамдар туралы ақпараттың арқасында Yandex Qazaqstan навигациялық сервистері межелі жерге жету уақытын дәлірек болжай алады. Себебі, есептеудің негізінде бағдаршамдағы орташа кідіріс уақыты емес, нақты уақыт алынады. Жүргізушілерге қатарынан бірнеше қиылысты "жасыл толқынмен" өту үшін оңтайлы рұқсат етілген жылдамдық ұсынылады. Шешім ауқымын кеңейткен жағдайда мұның бәрі отынды үнемдеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, технология кептелістерді дәлірек болжауға және олардың себебін түсіндіруге көмектеседі.

Фото: Yandex Qazaqstan

"Қарағандыда біз қала әкімдігімен бірлесіп, тұрғындардың өмірін ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Алғашқы қадам – көлік ағынын реттеп, кептелістердің алдын алуға мүмкіндік беретін ақылды бағдаршамдар жүйесі болды. Енді біз келесі кезеңге өтудеміз. Заманауи цифрлық шешімдер көлік ағынын тиімді басқаруға, қозғалысы көп қиылыстардағы жүктемені азайтуға және кептелістерді қысқартуға жол ашады. Ақыр соңында бұл қаладағы қозғалысты барша адамға болжамды әрі жайлы етеді", – деді Қарағанды облысының Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының Басшысы Константин Ильницкий.

Yandex Qazaqstan жобаны басқа қалаларға да қолдануды жоспарлап отыр. Ол қазірдің өзінде Қостанайда жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта бағдаршамдар туралы ақпарат "Яндекс Карты" мен "Навигатор" қолданбаларында, сондай-ақ олардың Apple CarPlay және Android Auto нұсқаларында қолжетімді.