Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, ел тұрғындарының Қазақстандағы екінші деңгейлі банктеріндегі мерзімді депозиттері 14,9 трлн теңгеге жуықтады. Бұл көрсеткіш бір айда 2,5% өсті. Бұл туралы ranking.kz жазды.

Ай сайынғы өсім бойынша үздік үштікке шетелдік еншілес ұйымдар тұр.


Оқи отырыңыз: Биыл депозиттегі ақшасын шетелдік валютада сақтайтын қазақстандықтар саны 14% артты.


Ай сайынғы өсіммен қатар, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері ұзақ мерзімді динамикада да айтарлықтай өсті. Мәселен, бір жылда бұл сома бірден 31,2%, ал бес жылда бірден екі еседен астам өсті.