Дарынды балаларды қолдау үшін Білім және ғылым министрлігі заңнамаға енгізілетін түзетулерді дайындады. Олар халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беруді көздейді.

"Біз халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог-жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді қарастырдық. Алтын медаль иегерлеріне – 1 500 АЕК, күміс медаль – 1 000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр", – деді білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Еске салсақ, Маңғыстау және Түркістан облыстарына баратын үздік ұстаздарға әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы хабарлаған едік.