РЛДП партиясының жетекшісі Владимир Жириновский 75 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ресейлік саясаткер Вячеслав Володин хабарлады. 

Владимир Жириновский

"Ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды", – деді мемлекеттік думаның спикері.

БАҚ мәліметінше, Жириновский коронавирустық инфекциядан көз жұмған. 

Саясаткер осы жылдың ақпан айында ауырып бастаған. Оған өкпесінің 50-75%-ы зақымдалған деген диагноз қойылды. Алайда ол дәрігерге уақытылы жүгінбеген.